«Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ Білім күні мен жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Бұл ерекше күн оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналар мен мектеп қонақтарын бір арнаға тоғыстырды. Мерекелік көңіл-күйде құттықтаулар мен ізгі тілектер айтылды. Әсіресе, бұл күн мектеп табалдырығын алғаш аттап, білім әлеміне қызықты саяхатқа аттанған бірінші сынып оқушылары үшін ерекше толқынысты болды.
Жаңа оқу жылы жарқын оқиғаларға, қызықты жаңалықтарға, жаңа жетістіктер мен жеңістерге толы болсын! Барша оқушыларға оқуда табыс, ұстаздарға шабыт пен кәсіби жетістіктер, ал ата-аналарға балаларының жетістіктерін мақтан тұтуды тілейміз!
Жаңалықтар
Білім күні
Қаралды: 4





