КММ "Ақан мектеп-бөбекжай-бақша кешені"
Ресми интернет-ресурс

«Өзіне сенімділік: Мифтер мен шындық» атты дөңгелек үстел

Previous Next

«Ақан мектеп–бөбекжай-бақша кешені» КММ 8–10 сынып оқушыларымен «Өзіне сенімділік: Мифтер мен шындық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты:
Қатысушылардың психологиялық сенімділік туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру, стереотиптерді жоққа шығару арқылы жеке ресурстарын түсінуге көмектесу.
Міндеттері:
«Сенімділік» ұғымын ашу, оны өзіне шамадан тыс сенімділік пен агрессивтіліктен ажырата білу.
Сенімдерге сыни тұрғыдан талдау жасау дағдыларын дамыту (мифтер мен фактілерді ажырату).
Ішкі тірек пен күшті жақтарды іздеуге ынталандыру.
Пікір алмасу және күрделі жағдайларда бірлесіп шешім табу үшін қауіпсіз орта құру.
Іс-шара барысында қатысушылар өзіне сенімділік туралы кең таралған мифтерді талқылап, сенімділік, өзіне шамадан тыс сенімділік және агрессивті мінез-құлық арасындағы айырмашылықтарды анықтады. Интерактивті пікірталас форматында оқушылар түрлі тұжырымдарды талдап, өз пікірлерін білдіріп, жауаптарын дәлелдеді.
Өзін-өзі талдау дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылды. «Менің жасырын тіректерім» атты жаттығу барысында қатысушылар өздерінің күшті жақтары мен өмірлік қиындықтарды жеңуге көмектесетін жеке қасиеттерін анықтады.
Практикалық бөлім топтық жұмыс форматында, өмірлік жағдайларды талдау арқылы өтті. Қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу, жағымсыз пікірлерге жауап беру және жаңа ұжыммен танысу сияқты күрделі жағдайларда сенімді мінез-құлықтың түрлі тәсілдерін ұсынды.
Іс-шара соңында оқушылар «Жеке логотип» атты шығармашылық рефлексия жасап, өздерінің сенімділік туралы түсінігін символдық түрде бейнеледі.
Өткізілген дөңгелек үстел оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға, жағымды өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға және жеке ресурстарын түсінуге ықпал етті.
#ПсихологиялықҚолдауОрталығы
#СҚОӘкімдігініңБілімБасқармасы
#ӨЗІНЕ_СЕНІМДІЛІК_МИФТЕР_МЕН_ШЫНДЫҚ

Записаться на прием